МҰХТАР ТАЙЖАН ШОҚҚА ОТЫРДЫ! » Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана

МҰХТАР ТАЙЖАН ШОҚҚА ОТЫРДЫ!

Мақсаты – Атамекен туған жерімізді қалайда сату, «жалға» деп қытайға беріп жіберейін деп отырған Назарбаев бәрібір өз дегенінен қайтпайды! «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» деген қарғыс тиген, бұл бәддуғаға ұшыраған бейбақ көсемнің емес, өзінің кәнігі мамандығы көсеушілігін істеп, солақай ғана емес, жаулық саясатының арқасында қазақ ауылдарын түгелдей дерлік зұлматтың қирандысына ұшыратып, қазақ ұлтының түбіне жетейін деп отырғаны ешқандай құпия емес! Тіпті еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін арам пиғылы мәлім болып қалды.

«Ауылшаруашылық жерлері сатылмайды, шетелдіктерге жалға да берілмейді» дегенге бізді, яғни көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды алданып қалады деп ойлағандары түк іске аспай қалды! Енді кенеттен тек қазақ тілінде сөйлесетін болыпты... Бұнысы әрине қоштарлық болса да, артында үлкен зымияндық саясат жатыр. Бұл да кезекті алдарқату – халықтың көңілін басқа жаққа аудару болып табылады.

Егер шынымен жерімізді саудаға салмаймыз, шетелдіктерге жалға бермейміз десе, тек қана ауылшаруашылық жерлері емес, Қазақстан жерінің ұлтарақтай жері де ешкімге сатылмасын, шетелдіктерге жалға берілмесін! Қытайдың жерінен қазақ жеріне көшірілейін деп жатқан 51 салдаман зауыттың қазақ үшін к-ті бес тиын! Ертеде қазақ жеріне Пушкиннің өлеңдері келіп еді, артынша орыстың пушкасы (зеңбірегі) ере келді. Енді 51 зауыттың артынан қытайдың құмырсқаша қаптаған хансулары жерімізді «бейбіт» түрде басып алмақшы. Жеріміз өзімізге, яғни ұрпағымызға керек, қазақтың артық жері жоқ! Назарбаевтардың арқалап алып келген жерлері тағы жоқ! Сөз осы!

Ал әлгі өзін ұлт патриоты етіп көрсетіп, «Ауылшаруашылық жерлерін сақтап қалдым, енді сендерге не керек?! – деп алабұртып жүрген Мұхтар Тайжан масқара болып, оңдап тұрып шоққа отырды! Өзіне де сол керек! Қандай сатқын екендігін көрсетіп алды! Әкесі, марқұм Болатханды жақсы білуші едім. Дәмдес болдық, жолдас болдық. Топырағы торқа жаны жәннатта болғыр марқұм, жақсы адам еді. «Сарымсақ» эпопеясы басталғанда өзін (Мұхтарды) бір жағынан аяп кетіп, араша түскім келген еді. Бірақ, бір тылсым күш оныма жібермеді, жүрегім сезген екен ғой сұмдықты...

Қуаныш МҰҚТАЙ

ақын, қоғам қайраткері
26.02.18 жыл


Түсініктеме:
ШОҚҚА ОТЫРДЫ Масқара болды, беті аймандай болды.
БӘДДУҒАҒА ҰШЫРАДЫ Жақсы ат алып көрмеген кәззап, елді алдаған қу.
шаблоны для dle 11.2
+9


Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив