АТАМБАЕВТЫҢ «ЕЛБАСЫН» ӘШКЕРЕЛЕГЕНІ ӨТЕ ДҰРЫС, АЛАЙДА ОНЫҢ ШЫҢҒЫСХАНДЫ ҚАЗАҚТАН БӨЛІП ТАСТАҒАНЫ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК БОЛДЫ...

Ия, Қырғызстандағы президенттік сайлау науқаны барысында көршілеріміздің президенті Алмазбек Атамбаевтың біздің диктаторымыз – Нұрсұлтан Назарбаевты өткір сынап, әшкере қылғаны ең алдымен біздер, яғни, қазақтар үшін өте пайдалы іс болды. Әлбетте, «елбасын» өйтіп, тіпті, одан да өткір сынап, оның бетпердесін аяусыз сыпырушы азаматтар қазақтың өз ішінен табылмай жатқандықтан емес. Ондайлар, Құдайға шүкір, баршылық. Бірақ өз басшымызды біздің өздеріміздің сынауымыздың жөні басқа да, Назарбаевты өзге мемлекеттердің, соның ішінде, әсіресе, туысқан елдің онымен дәрежесі тең басшысының бүйтіп сынағанының жөні, сөз жоқ, мүлде басқа!
Керісінше, Атамбаевтың ащы шындыққа негізделген орынды сынын ҚР Сыртқы істер министрлігінің «жауапкершіліктен жұрдай, арандатушылық және өтірік сөздер»-міс деп «бағалауы», сондай-ақ, Қараорданың белгілі сұрқылтайы – Ерлан Кариннің өз қызметіне сәйкес сөйлеуге мәжбүр болғандықтан, «мемлекетаралық қарым-қатынастарды саяси технологиялар ыңғайына қарай құрбандыққа шалу»-мыс деп құйтырқылатып, көлгірси «наразылық» білдіруі және олардың осындай арзан амал арқылы «ақтап» алғысы келген «шефі» – Назарбаевтың іс-әрекеттері ешқандай сын көтермейді.

Неге десеңіз, Нұрсұлтанның қоңсы елдің президенттігінен үміткерлердің бірі – Омурбек Бабановты ашық қолдап, Қырғызстанның ішкі істеріне өрескел түрде қол сұққаны рас па? Рас. Ұлылық дертімен (мания величия) ауыратын «елбасының» өз «кереметтігін» көрсету үшін: «Тек жалғыз Алматының ғана жалпы ішкі өнімі бүкіл Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінен бес есе артық!» – деген бөспе мақтаншақтығы арқылы: «Солайы солай-ау, бірақ ол байлықтан Қазақстанның қарапайым халқына не пайда?» («Разворовывает богатства Казахстана, они уходят не народу Казахстана») – деген дәлелді пікірге ілік бергені рас па? Рас. Демек, екі ел арасында жоқ жерден дау туғызып, «мемлекетаралық қарым-қатынастарды саяси технологиялар ыңғайына қарай құрбандыққа шалған» Атамбаев па, әлде, Назарбаев па? Әрине, Назарбаев.

Ендеше неге қырғыз президенті Қараорда басшысының мұндай өпірем, астамшыл іс-әрекеттеріне қарсылық білдірмей, үнсіз қалуға, оның «сәлеміне сәйкес жауабын бермеуге» тиіс? Егер ол мұндай жағдайда жасқаншақтық танытып, бұғып қалса, өз халқының заңды наразылығына ұшырамас па еді? Сондықтан Атамбаевтың бүйтіп мінез көрсетуін оның өзі басқарып отырған елдің ар-абыройы, намысы мен мүддесін бәрінен жоғары қоятын мемлекет қайраткеріне лайық қадам деп есептеу керек!

Сондай-ақ, Нұрсұлтанның Бабановпен кездесу барысында оған: «Қырғызстанға сен сияқты білімді, жас, тәжірибелі адам керек деп ойлаймын», – деп, жалған «қамқорлық» білдіруіне орай Алмазбектің: «Я поддерживаю слова Назарбаева о том, что хорошо, если молодой президент будет в Кыргызстане. Но у нас самый старший кандидат в президенты на сегодня на 20 лет моложе Назарбаева, а я – на 16 лет с лишним. Так кому нужен молодой президент – нам или Казахстану?» – деген мысқылына үндесетін өзімнің осыдан бұрын, 24 қыркүйек күні Фейсбукте жариялаған «О двуличных деяниях и поступках Назарбаева, давно уже ставших для него привычным делом» атты постымдағы мына сөздерімді естеріңізге сала кетсем, артық болмас деп ойлаймын:

«Обращаясь к Омурбеку Бабанову, Нурсултан сказал: «Я думаю, Кыргызстану нужен образованный, молодой, как ты, опытный человек». И это говорит 77-летний ПТУ-шник, который вот уже более 25 лет не только не подпускает к приватизированному им «трону» молодых, образованных и опытных политиков, но и гноит ровесников того же Бабанова в тюрьмах, преследует по всему миру либо физически убирает со своего пути руками каэнбешных палачей! Иначе говоря, Кыргызстану, в котором и без того уже несколько молодых президентов (особенно в сравнении с "елбасы") сменили друг друга, и в дальнейшем НУЖЕН молодой, а Казахстану – нет, поскольку здесь царит ОН – «незаменимый» и "вечный" диктатор!».

Түйін: мен президенттік мерзімі аяқталған соң Конституцияға сәйкес орнын ың-шыңсыз босатқан Алмазбектің, ширек ғасырдан астам уақыт бойы Конституцияны табан астына таптап, орнын ешкімге бермей, омалып отырған Назарбаевқа үлгі көрсеткені және оны мына сөзімен бүкіл әлем алдында масқара қылғаны зор сауап болды деп есептеймін.
Өкінішке орай, Атамбаев өзінің осынау тамаша сөзі барысында тек бір жерде «Әттегене-ай!» дегізіп, мүлт кетті. Атап айтқанда, мынадай пікір білдіруі арқылы: «Казахи – наши братья, у нас одна кровь. Мы хорошо знаем историю. Казахи – это мы, которые больше 500 лет назад выбрали султаном себе чингизида. Но иногда такое чувство, что до сих пор чингизиды правят Казахстаном, а не казахи. Не надо к нам соваться учить, мы нашли свою дорогу».

Әрине, қырғыздардың өз жолын тапқандығы қазақтарды тек қуантады және олардың ішкі шаруаларына ешкімнің де қол сұқпауға тиіс екендігі – даусыз ақиқат. Бірақ Назарбаевтың сонау 1990 жылдан бері ең алдымен қазақтардың өздерін әбден титықтата шаршатып келе жатқан диктаторлық озбыр іс-әрекеттерінің себебін Алмазбектің «чингизидтік» саясатқа балауы және Шыңғысхан ұрпақтарын, демек, оның өзін де қазақтардан ажырата қарауы – Атамбаевтың «біз тарихты жақсы білеміз» дей отырып, шын мәнінде қазақ тарихын білмеуі салдарынан жіберген өте үлкен қателігі, әрине.

Өйткені, біріншіден, Шыңғыс тұқымынан («чингизидтерден») қазаққа ХАН БОЛҒАНДАР арасында ешқашан Назарбаев сияқты үнемі ұлтқа қарсы саясат жүргізіп, қазақты жатқа жығып берген сатқын билеушілер болған емес. Керісінше, олар түгел қазақтың ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРІ ҮШІН жанқиярлықпен қызмет етті. Екіншіден, Шыңғыс тұқымы қашан да тектілігімен ерекшеленсе, «елбасы» жұртшылыққа тексіздігімен белгілі. Оның көзге ұрып тұратын келеңсіз әдеттері, қылықтары мен іс-әрекеттерінің басты себебі де, міне, осында. Үшіншіден, отаршылдық заманда қазақтың тарихын біздің халқымызға да, өзгелерге де бұрмалай уағыздап, бейнелей айтқанда , қара суды теріс ағызып жіберген Ресейдің империялық-отаршылдық саясаты мен идеологиясы Шыңғысханды қазіргі «моңғол» атын жамылған ХАЛХАЛАРҒА теліп, қазақтан «ажыратып» қойған болатын. Алмазбектің мынадай адасқан көзқарасы – оның сол жалған тарихты «жақсы білуінің» тікелей салдары. Ал, шынтуайтында Шыңғысхан әулеті – түбі түркіден шыққан әулет екендігіне қазір ешқандай күмән жоқ. Және де ол әулеттің әсіресе қазақпен біте-қайнасып жатқандығы – еш дау туғызбауға тиіс ақиқат.

Өкінішке орай, соған қарамастан, кейде тіпті өз арамызда кейбір, қазақша айтқанда, қағынан жеріген «білгіштердің» Шыңғысхан бабамызға жаудан бетер өршелене-өшіге шабуылдауына орай ілгеріде жазған бір пікірімді осы жерде қайтара жариялауды мақұл көрдім.

«Әрине, Шыңғысхан заманында «қазақ» есімді халық әлі тарих бетіне жазыла қоймаған да болар, алайда, жалпы қай халық дүниеге келе сала қазіргі атымен атала қойды екен? Оның есесіне, кейін қазақ халқын құраған ру-тайпалардың сол кезде болғаны, болып қана қоймай, Шыңғысты хан көтергені – қазір жеріне жеткізіле дәлелденген ақиқат. Қытайша жазбада сол тілдің ерекшелігіне сәйкес «Темучин» деп бұрмаланып жазылған, ал, түрікше Темірші есімді баланың да қазіргі қазақ құрамындағы Қият руында дүниеге келгені еш күмән тудырмайды...

Әлбетте, бұл жер – көлемді ғылыми еңбектер жариялайтын жер емес, қысқа, тұжырымды пікір айтатын жер, сондықтан мен де өз көзқарасымды қысқаша білдірейін. Ол үшін жуырда Шыңғысханға қатысты орысша жүрген бір пікірталас барысында жариялаған комментарийімді сол қалпында осы жерде де назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер.
«Слово «Мың қол», со временем трансформировавшееся в "Монгол" – изначально тюркско-казахское слово, которое абсолютно никакого отношения к современным "монголам" (халха, калмыки, буряты) не имело и не имеет, а потому никак не «расшифровывается» с помощью их языков.

Территория современной "Монголии", с которой Шыңғысхан начал свой великий поход по восстановлению Тюркской империи своих предков, являлась территорией Древнетюркского Каганата. Именно там до сих пор находится каменная стела с древнетюркской надписью кагана Кюльтегина, относящаяся к 6 веку нашей эры. Там же находилась и первая столица империи Шыңғысхана – "Қарақорым", являющее собой чисто тюркско-казахское название.

А современные халха начали поселяться на тех землях лишь после того, как Шыңғысхан со своей тюркской армией ("Мыңқол"-"Тысячная армия") отправился в свой западный поход. Кроме того, как известно, титул "хан" (сокращенное от "қаған") – это сугубо тюркское слово. А у "монголов" правителя называли "тайчи", "хонтайчи", поэтому само словосочетание "Шыңғыс хан" неоспоримо свидетельствует о том, что наш великий предок никакой не "монгол" нынешний, а ТЮРК.

Имя его тоже никак не интерпретируешь на современных "монгольских" языках, а по-казахски – пожалуйста: Шың - пик, Құз - вершина. Иначе говоря, "Высочайший". Собственное имя "Темірші" ("Кузнец") таким образом сменило имя-титул "ШЫҢҚҰЗ", которое со временем приобрело форму "Шыңғыс". Не где-нибудь, а именно в Казахстане находятся и горы Шыңғыстау.

Никто не сможет оспорить также и ту истину, что не у кого-нибудь, а именно у казахов потомки Шыңғысхана получили родовую титулатуру "Төре" от казахского слова "Төр Ие", т.е. тот, кто является ХОЗЯИНОМ почетного места, иначе – Правителем. И со времен великого "Потрясателя Вселенной" в 13 веке вплоть до великого хана КЕНЕСАРЫ во второй половине 19 века, т.е. более шести столетий именно ТӨРЕ бессменно правили казахами. А в новейшей истории именно чингизиды во главе с фактически первым казахским президентом Алиханом Букейханұлы восстановили и возглавили вместе с другими выдающими деятелями нашего народа "Алаш Орду" – казахское государственное образование начала ХХ века. Потомки төре до сих пор находятся во множественном числе в составе именно казахского народа. Ни один другой народ не может этим похвастать.

Если, как утверждают некоторые, Чингисхан является «главным монголом» в истории, то почему, странное дело, среди современных халха, калмыков и бурятов вы не встретите имени «Шыңғыс», в то время как оно среди казахов и ряда других тюркских народов является одним из наиболее распространенных имен?

Можно было бы и дальше продолжить доказательства тюркско-казахского происхождения Шыңғысхана и тюркско-казахской природы созданного им государства, которому не было равных во всей мировой истории, но, думаю, и этого достаточно для того, чтобы показать всю несостоятельность "доводов" против этого всевозможных скептиков...».

Ал «Монғолия», маған салса, біздің Шыңғысхан бабамызды «ЮНЕСКО арқылы моңғол мемлекетінің негізін қалаушы» деп он қайтара бекіттіріп алсын, «Улан-Батор түбінде тұғырымен қоса есептегенде биіктігі 50 метр» емес, 100 метр ескерткіш тұрғызып қойсын, менің оған түкіргенім бар. Сондай-ақ, Шыңғысханның Күшлік ханға да, Хорезм шахқа да олар мұсылман болғандықтан емес, өзіне қарсы шыққаны үшін шабуыл жасағаны, ал соңғысын, әсіресе, еш те бір заманда кешірілмейтін қылмысқа барып, Шыңғысханның елшілерін қырып тастағаны үшін жазалағаны, оның «мұсылмандардың қанын судай ағызып, қазақ тайпаларын қырғаны» қып-қызыл өтірік екені – тарихтан белгілі ақиқаттар.

Қорыта айтқанда, отаршылдық дәуірде қазақтардың өз тарихын өзі жазуына мүмкіндік бермей, өзегелер жазып берген өтірік «тарихты» күні бүгінге дейін ойсыз-оясыз қайталап, соңғы кезде Шыңғысхан туралы өз елімізде және басқа елдерде жаңадан жазылған зерттеу еңбектерді жаппай мансұқтап, өз бабаларымызға осқырына қарап, оларды «көршінің өлген айғырына» (астапыралла!) теңейтін жаман әдеттен арыла алмай жүргендерді кімдер деуіміз керек? Қалай десек те, өзгенің сөзін бас шұлғи «дұрыс» көріп, өз сөзімізді өршелене «теріске» шығару – жақсы қасиет емес. Сондықтан кейбір замандастарымыздың мұндай күрделі тақырыпқа қатысты пікір білдерген кезде ойланыңқырап сөйлегені жөн болар еді деп кеңес бергім келеді...» (цитатаның аяғы).

Ал, Атамбаевтың жоғарыда келтірілген пікіріне орай мен өзімнің бұл сөзімді қырғыз бауырларымыздың да «құлақтарына алтын сырға ретінде іліп алғанын» қалар едім...


Жасарал Куанышалиншаблоны для dle 11.2
+5


Комментарии 1

Абдулла
Абдулла от 13 октября 2017 22:58
Жасарал - старый вонючий котакбас!
Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив