ҚОР БОЛҒАН ҚАЗАҒЫМ-АЙ! » Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана

ҚОР БОЛҒАН ҚАЗАҒЫМ-АЙ!

Ұстағандай бір жерінен құдайдың,Қылығы мезі қылды «сұмырайдың».
Күн нұрын тартып алған аспандағы,
Шайтанның суреті тұр бетінде айдың...

Арманым –
Жерді басып,
Тірі жүру.
Сол үшін керек екен –
Итше үру.

Сыйғызбай жерге-көкке «Нұршайтанды»,
Мақтасам –
Оңайламақ өмір сүру...
Күндерім өтіп жатыр үмітпенен,
Мүңкіген күлімсі исі күдікпенен.

Шарықтап кеткенінде қан қысымым,
Басымды емдеп жүрмін сүлікпенен.
Түндерім өтіп жатыр сарнауменен,
Өзімді-өзім алдап,
Арбауменен.

Жан тәтті:
Тұңғиыққа кетпес үшін,
Шаршадым жалғыз талды қармауменен.
Ұрпағым не болады –
Жоқ ертеңі,
Биліктің айтатыны –
Бәрі ертегі.

Жалықтым ертегіден ертеңі жоқ,
Тексіздер құр уәдемен кімді ертеді?
Сұмдық қой
Бет алысы «мыналардың»!
Жоғалтқан қасиетін ұят пен ардың.

Жау болдық тексіздерге намыстылар,
Түрмеде күні өтеді ұяты бардың...
Қор болған Ібіліске қазағым-ай,
Батады қабырғама азабың-ай!
Атаңа нәлет жауыз бір «қалмақтың»
Басыңа салып қойған тозағын-ай!

Қуаныш МҰҚТАЙ

Әу?! Әлгі, анау-мынау деп ойлап қалмаңдар, не көп «нұршайтандар» көп, әбден көбейіп кетті ғой... Әсіресе биліктің құйыршықтары мен тролльдары тынышталыңдар, мен сендердің ғасырдың «ғажайыбы-құбыжығы» ұры көкелеріңді айтып жатқан жоқпын, бірақ соған ұқсас бір Ібілісті туындыма қосып жатырмын. Егер мен соны жазып жатыр десеңдер, алдымен өздерің сотталып кетесіңдер! Тәк штө, байқаңдар!шаблоны для dle 11.2
+3


Комментарии 1

Jeapunk
Jeapunk от 6 февраля 2019 02:02
Amoxicillin And Std'S Cialis Para Hipertensos Efectos Del Viagra En Jovenes cialis 5 mg best price usa direct isotretinoin next day delivery discount Propecia Fue Bueno Viagra Ohne Rezept Review Buy Cialis Canada Cialis 5 20 priligy et alcool Professional Viagra Sales Achat Levitra Generique where to buy cialis online safely Where To Buy Orlistat Cialis Senza Prescrizione Medica http://drugsed.com Does Cephalexin Affect Birth Control Pill Nolvadex Tamoxifen
Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив