ШАҺАДА!

(Атыраудың ерлігі – Ғасыр ерлігі!)

«Шаһада!»
Десем-дағы –
Ұлтым Қазақ!
Арманым –
Болсын деп ем Ұлтым Азат!
Тағдыры қыл үстінде тұрған ұлтты,
Өлеңге қосып жазу –
Болған азап!

Тап болдық –
Адамзаттың харамына,
Пиғылы қара түнек қараңына.
Жұтылып жатыр Ұлттың несібесі,
Жұқ болмай,
Аждаһаның аранына...

«Шаһада!»
Дегенімде,
Ұран тастап,
Кеудемді оққа тостым,
Өзім бастап!
Қытайға бергенімше туған жерді –
Өлейін жастығымды ала жастап!

Шаһада! –
Ұран сөзі,
Құран сөзі,
Құдайдың түзу болсын,
Бізге
Көзі!
Құрдымнан шығу үшін бірігейік,
Қазақты құтқаратын –
Қазақ өзі!

Шаһада!
Ұлтым үшін –
Жаным пида!
Сақталған «Қазағым» – деп,
Мынау мида.
Өлсең,
Өл –
Бақыты үшін ұрпағыңның,
Шалынып,
Құрбаны боп –
Жанды қи да!

Шаһада!
Тілім үшін –
Жаным пида!
Шаһада!
Жерім үшін –
Жанды қи да:
Өлсең өл –
Бақыты үшін –
Әз ұлтыңның,
Кеудеңді оққа тосып,
Жанды қи да!


Қуаныш МҰҚТАЙ
ақын, қоғам қайраткері

«Жұлдыздар отбасы» журналының №6 санында 2016 жылы наурыз айында жарыққа шықты осы туындым. Журналдың редакторы Жарылқап Қалыбайға мың да бір рахмет, Жаратқан Ием жар болсын!

шаблоны для dle 11.2
+5


Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив