БАУЫРЫМ АТАМБАЕВ!

 Қырғыздың президенті Атамбаев,
 «Істерін» Нұрсұлтанның салды жайып!


 Туысқан мемлекеттің азаматы,
 Сынаса жайымызды, несі айып?
 Ұлтының,
 Текті туған азаматы,
 Намысты,
 Ары таза –
 Адам аты!
 Ақ туын әділдіктің желбіретіп,
 Жыр болды бар әлемге –
 «Ғазауаты».
 Қазақтың билігінің артын ашты,
 Билікші ұрылардың құты қашты.
 Сөз естіп,
 Өзінен жас азаматтан,
 Қарашы,
 Нұрекеңді
 Қара басты!..
 (Көрқаптай,
 Көрден шыққан біздің шалды,
 Ұрысып,
 Жерден алып,
 Жерге салды!
 Қан құйлы диктатордың көзін шұқып,
 Тұқыртып,
 Есерсоқтың жынын алды)
 Көріскен,
 Қанжығада –
 Бауырым-ай!
 Қазаққа,
 Жаның ашып
 Ауырдың-ай.
 Қан жұтып жүр екенсің,
 Шыдамадың,
 Көргенде –
 Арқамыздың жауырын-ай...
 Кетпеген,
 Қара түнек басымыздан,
 Ұлт едік,
 Таяқ жеген «жасымыздан».
 Өспедік,
 Қырғыздардың деңгейіне,
 Орысқа «сипаттырдық»,
 Басымыздан...
 (Қос үрей болды қытай, қасымыздан...)
 Қырғыздың Президенті Атамбаев,
 «Қазаққа қырғыз жау» – деп,
 Атанбайық.
 Жабылып,
 Хан Кененің басын алып,
 Орысқа сыйлағаның –
 Үлкен айып!..
 (Кенеден бата тіле қолың жайып)
 Десе де,
 Қанымыз бір –
 Туыстаспыз,
 Келсеңдер қонақ болып,
 Қуыспаспыз.
 Шынайы,
 Азаттықты алған күні
 Ұрының әулетімен жуыспаспыз.
 Түбінде,
 Болашаққа бармаймыз ба –
 Өзіміз,
 Өзімізді жалмаймыз ба?
 Жеріміз қытайларға қолды болып,
 Бір уыс топырақсыз қалмаймыз ба?
 (Әйтеуір, өзімізді алдаймыз да...)
 


Қуаныш МҰҚТАЙ

 ақын, қоғам қайраткері
 16.10.17 жыл
шаблоны для dle 11.2
+6


Комментарии 2

Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив