СУ АЯҒЫ ҚҰРДЫМҒА ЖЕТТІК АҚЫРЫ... » Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана

СУ АЯҒЫ ҚҰРДЫМҒА ЖЕТТІК АҚЫРЫ...

Айтайын деп отырғаным, бұл өзі көптен бері айтылмай, ішімде шемен болып қатып қалған буулы сөз еді. Менің тілге тиек қылып отырғаным, міне, 26 жыл бойы толастамай келе жатқан ұрлық, тонау, жемқорлық жайлы еді. Жүйе сондай болған соң сол жүйеде қызмет істеп жүрген лауазым иелерінің миллиондап ұрлағандары түрмеде, иә болмаса шетелдерге қашып кетті тоз-тоз болып. Ал миллиардтап ұрлағандар биліктің ұшар басында, төрде отыр. Бұл қалай өзі?! Тіпті ақылға сыймайтын құбылыс қой!

Алысқа бармай-ақ, мынау кестені алайық: 1. Назарбаевтың есеп-шотында заңды болып есептелетін 20 миллиард доллар ақшасы бар екен. 2. Ал оның туған інісі Болат 1 миллиард 800 миллионның иегері дейді. 3. Назарбаева Динара 2 миллиард 100 миллионды жастап алыпты. 4. Алия Назарбаева 1 миллиард 200 миллионды басып қалыпты. 5. Дариға Назарбаева ең кедейі, не бәрі 593 миллионға қожайын екен. 7. Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Кулибаев та әйелі Динараның әр жақ бер жағында 2 миллиард доллардың заңды иесі дейді.

Ал, меніңше бұл да аз ақша емес, білгіштердің айтуы бойынша аты аталған кейіпкерлердің тыққан ақшалары бұдан әлде қайда бірнеше есе көп дейді. Ұмытпасам 2013 жылдары «ДАТ» газетіне берген сұқбатында Серікболсын Әбдилдин ақсақал: «Назарбаевтың оффшорлық аймақтарға тыққан активінде 150 миллиард доллар ақша жатыр» деген еді... Оны аз десеңіздер әбден дандайсып, «әй» дейтін әже жоқ, «қой» дейтін қожа жоқ жетесіз билік зейнеткерлердің ақшасына қол салды. Ұлттық қор ол өз алдына бөлек әңгіме.

Сақтанудан мүлдем қалған Назарбаев Ұлттық әл-ауқат қорының қаржысын қызы мен күйеу баласына тиесілі банкке аударды. Өзімбілемдік жасап, мына біздерге, яғни халыққа тиесілі, қазақ жерінен шығып жатқан шикізаттың миллиардтаған доллар түсімін өзінің әулетінің мекемесіне берді. Мұндай масқара тек біздің елде ғана ғой деймін?..

Назарбаевтың қаһарынан қорқып, шет елге кетіп қойғандардың біреуі Храпунов еді. Қашып емес, «кетіп қойған» деп отырғаным, егер Храпунов соншама ұры болса ол кісіні Алматы қаласының жарты тұрғыны сәмөлетке мінгізіп, шығарып салғанда билік не, ай қарап отырған ба?! Шынымен ұры болса сол бетінде, сәмөлетке жеткізбай қол-аяғына кісен салып, түрмеге неге жаппаған? Ал енді сол «қапыда қалған» биліктің Храпуновқа тағып отырған айыбы: «Храпунов Алматының әкімі болып тұрғанда жылжымайтын мүліктерді сатып, 300 миллион доллар ақшаны қымқырып кетіпті!» Храпуновты әкім етіп сайлаған Назарбаевтың өзі емес пе еді? Егер өзі сайлағаны шын болса, нағып көзін жұмып қарап отырды Храпуновтың «ұрлығына»?! ҰҚК ай қарап отырған ба? Нағып соншамадан, мұншама ұрлатқызып қойып, саусақты саусаққа ұрмаған?

Сол сияқты, Аблязов Мұхтарға да 10 миллиард доллар қаржыны ұрлатқызып қойып, неге ешқандай шара қолданбаған?
Қазақстанда адам түгілі, тышқанның сыбдырын естіп отыратын, көрнекті данышпанымыз, әлемде жоқ ғасыр ғұламасы нағып осының бәріне көз жұмып, қабағын қимылдатпаған?
Әне сұрақ көп, жауап жоқ!

Менің білетінім, биліктің істеп отырған істерінің бәрі заңсыз! Балық басынан шіриді десе, Нұрекеңнің қол астында істеп жатқан шенеуніктердің шетінен ұры болып жатқаны бәрі бас жақтан бастау алып отыр. Ал, түсінбейтінім, біздің шексіз байларымыздың байлығы өте ауыр жүк, кісі түгілі түйе де көтере алмайды, егер осылай салыстырмалы түрде алатын болсақ, салмағы табыттан да ауыр мұншама жүкпен бұлар қайда бара жатыр?! Жарайды, қазір билік қолдарында тұрғанда олардың суша сіміріп жатқан ұрлықтарына ешкім ештеңе тоқтау сала алмас, ал бірақ күні ертең осылардың ұрпақтарынан сұралмай ма «Миллиардтаған доллар байлық қайдан келді?» деп.

Бізге ғана емес, мынау ұрлықы жүйенің өзі үшін үлкен реформа жасау керек болып тұр. Түбегейлі өзгеріс болмайды екен, мұның аяғы жақсылыққа апармайтыны анық.

Халықтың төзімі таусылды. Біз ұшқын түссе лап етіп, тұтанып кетейін деп тұрған жанармай сықылды күйде тұрмыз. Қантөгіс ешкімге де керек емес! Қантөгіс болмас үшін, ұрылар ұрлықы байлықтарын мемлекеттің қазынасына қайтарып, ширек ғасыр қазақ ұлтына істеп келген зұлымдық-зұлматтары үшін халықтан кешірім сұраулары керек. Ал жер мәселесіне келетін болсақ, Атамекен жеріміздің алақандай аумағы да сатылмайды! Жер – Қазақ Ұлтының жері! Жалға да берілмейді қытайларға! Алдап соқса да жерді сатады екен, билік жақсылық күтпесін! Бәріне төзіп келген халық, биліктің опасыздығына енді шыдамайды, бұрқ-сарқ қайнап қақпағын аспанға атқан қазан сияқты, бір күні жарылады.

Биліктің басынғаны жетер, енді ешқандай пірзідентінің (президент) керегі жоқ, парламенттік басқару жүйесіне өтетін уақыт әбден жетті!

Қуаныш МҰҚТАЙ
ақын, қоғам қайраткері
26.04.17 жыл
шаблоны для dle 11.2
+3


Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив