ӨРРРӘӘӘӘӘ, ҚЫТАЙ АҚША БЕРЕЙІН ДЕП ЖАТЫР!!!

Біздікі қытай шақырыпты деп далақтап шауып кетіп еді, мен де ойлап едім «Апыр-ай, мұның артында жымысқы бірдеңе тұр-ау?» деп. Қателеспеген екенмін, сол баяғы Атамекен жерімізді саудаға салып, жалға беріп дегендей, әйтеуір жерімізге қытекеңдерді нығыздап, тығыздап қоныстандыру саясаты болар мұның бәрі?

Кәрі түйе құтырса, жұт болады деген де бар ғой, апыр-ай, ә?..

Қытайдың басшысы Си Цзиньпин мен Қазақстанның ғасыр ғұламасы және пө сәбместителтсбу Елбасы Назарбаевтың ойлап тапқан «Бір белбеу, бір «нұрланған жолы» саудаға айналып кеткені сондай, алдында берген ондаған миллиард долларларын азсынып, қытай басшы тағы да 11 миллиард доллар ақша бөліпті жаңағы «бір белбеу» дегеніне. Алдағы жылда тағы да үстінен үстемелеп 8,8 миллиард доллар ақша берем депті қолы ашық қытай патшасы. Ал біздің Нұрекемізге 11 миллиардтың қаншасы «бұйырады», оны тағы айтпапты. Әйтеуір не берсе де «бірдеңе» береді екен! Өрррәәәәәә!!!

Және де... Қытекеңдер біздердей зейнеткер қайыршылар мен жұмыссыз қазақ қайыршыларына аштан қатып қалмас үшін 2 миллиард юань (294 миллион доллар) қолға ұстатайын деп жатырса керек?

100 жоба «Бақытты баспана», 100 жоба қайыршылықты түбегейлі құртып жіберу үшін, 100 жоба ауру-сырқауларды үшкіртіп, түшкіртіп сауықтыру үшін 1 миллиард доллар оны құрмалдыққа шалатын түрі бар дейді. ..
ЖӘНЕ ДЕ...

Қытайдың және Қазақстанның «Бір белбеу, нұрланып кеткен бір жолы» жүріп өтетін жол бойына жаңағы ақшаларды шашып, Жібек жолының бойында тұрып жатқандарды, мысалы мемлекеті түгіл, шегарасы жоқ қазақтарды қарық қылайын деп жатса керек...
Ал, қуанбай көр енді!

Мен өз басым қуанар едім әрине, бірақ ештеңесіне сеніп отырғаным жоқпын. Осының бәрі қалайда әлгі қытекеңдерді жерімізге сығылыстырып, тығылыстырып, қырылыстырып, әйтеуір не де болса мынау біз сорлыны сорлатып, жерімізден тырқыратып қуып шығу саясаты ма деген ойым дұрыс па, бұрыс па, оны оқырман бауырларым өздерің айта жатасыңдар.

Қуаныш МҰҚТАЙ
ақын, қоғам қайраткері


14.05.17 жыл
шаблоны для dle 11.2
+2


Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив