ЖЕРДІ САТУ – ОТАНДЫ, ТҰТАС ҚАЗАҚ ҰЛТЫН САТУ! » Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана

ЖЕРДІ САТУ – ОТАНДЫ, ТҰТАС ҚАЗАҚ ҰЛТЫН САТУ!

Жеті атадан қыз алысып, қыз беріспеген, қаны таза, өне бойы толған қасиет – Қазақ ұлтым менің!Шыдамның да шегі бар!

Отанымызға – Жер-Анамызға қауіп-қатер шындап төнді!

Жеріміздің асты-үстін жалаңаштап тонап бітірген ұйымдасқан қылмыстық топ – ұры жүйе халықты бәрінен жұрдай етіп қайыршыландырғанымен қоймай, ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына мұраға қалдырған ұлан байтақ қасиетті жерімізді саудаға салып, сатып жіберумен қатар «ұзақ жылдарға жалға беру» деген желеумен «әркімдерге» және азаматтығы жоқтарға (қытайға) беріп жібермекші!

2016 жер сатуға қарсы шыққан халықтың – қазақ ұлтының дүмпуінен сескенген биліктің жерді сатуға жариялаған мораторийі кезекті алдау болып шықты!

Биліктің, яғни басы Назарбаев болып арқалап әкелген жері жоқ! Жер ғасырлардан ғасырлар бойы – Қазақтың Жері, қазақтың жері болып қалады да!

Мен, Қуаныш МҰҚТАЙ: Жерімізді сатуға, шетелдіктерге жалға беруге үзілді-кесілді қарсымын! ҚР Жер кодексіндегі жерді сату, шетелдіктерге жалға беру баптарының заңсыз болғандығынан, заң аясынан мүлдем алынып тасталынуын талап етемін!



Қол қоюшылар:
1. Қуаныш МҰҚТАЙ, Ақмола облысы, Щучинск қаласы.

03.02.18 жылшаблоны для dle 11.2
+9


Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив