Жер сатуға рұқсат жоқ! Бермеймін!!! » Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана

Жер сатуға рұқсат жоқ! Бермеймін!!!

Жер сатуға рұқсат жоқ! Бермеймін!!!Жанымды алмай, қорлығыңа көнбеймін!
Ашуыма тие берсең, қаусатып,
Сүйегіңді шекарама жерлеймін!
Қазақтың қара баласы.

ДАБЫЛ! ДАБЫЛ! ДАБЫЛ! 14.01.2018 дейін! Ардақты ағайын! Сайқал саясатты қолдап, қу құлқынның құлына айналған опасыз биліктің арсыз ойынына нүкте қоятын кез жетті емес пе бауырлар?

Жерді аукцион, конкурс арқылы сататын және шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға 25 жылға дейін жалға да беретін Жер Кодексі Парламенттің төменгі палатасы - Мәжілісте қабылданып кетті. Енді жоспар бойынша, осы заң Парламенттің жоғарғы палатасы - Сенатта ақпан айының 14 күні, яғни енді оншақты күннен кейін, қабылданбақ.

Халықтың бұған өз пікірін білдіруі - оның Конституциялық құқығы. Заңның халық игілігіне жарауы, жарамауы біздің әрқайсымыздың реакциямызға, яғни желідегі (әсіресе Фейзбуктегі) жазбаларымызға да тәуелді. Жер Кодексін зерттеген, әрине, жақсы. Бірақ, сіз ешқандай Кодекске қарамай-ақ, жерді сатуға және жатқа жалға беруге қарсы болсаңыз, онда бұл ойыңызды ФБда жазуға міндеттісіз! Жағдай соған тіреліп тұр. Бұл сіздің келешек ұрпағыңызды қорғауға қосқан үлесіңіз болады. Мүмкіндігіңіз болып жатса жергілікті жеріңізде дөңгелек стол жиындарын өткізіп, халыққа жер реформасына қатысты қауіп-қатерді жеткізіп, халықтың ұсыныс пікiрлерін петция түрінде қол жинап, биліктің жоғарғы тармақтарына парламентке жеткізуге күш салыңыз. Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды екенін естен шығармаңыз!
Менің ұсынысым: әрбір қазақ ФБда жерді сатуға, шетелдіктерге жалға беруге қарсылығын өзі жазсын, білдірсін. Резонанс туғызайық. Алдағы бір апта тек жер туралы жазайық. Сонда, көресіздер, нәтижесі оң болады.

Жерді сақтау - тап қазір бары-жоғы резонанс туғыза алуымызға ғана байланысты. Бұл айтқаныма сеніңіздер ағайын. Өз ойларыңызды жазыңыздар! Жоқ дегенде жазғандардың постын бөлісіңіздер! Ата-мекен жеріңді қорға қазақ баласы!!!

Bekbolat Mukhanaliyevшаблоны для dle 11.2
+8


Добавить комментарий

Оставить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив